Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй иесін аман алып қалған өрт сөндірушілер алғысқа кенелді

Қостанай облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне Владимировка ауылының тұрғынынан алғыс хат жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 сәуірде Қостанай облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бастығы М.С. Жүсіповке Қостанай ауданы Владимировка ауылының тұрғыны Н.А. Рейфшнейдерден алғыс хат келді.


Хаттан: “Сізден Қостанай ауданы Затабол к. №10 өрт сөндіру бөлімінің №1 қарауыл жеке құрамына олардың жеделдігі, күрделілігі, өрт сөндіру кезіндегі жылдам әрекеттері және Октябрьская 110 мекен-жайында тұратын, ұстама кезінде күйеуімді құтқару кезіндегі қызметтері үшін оларға алғыс білдіруіңізді сұраймын.
Олардың өте қиын және қауіпті жұмысы бар, сондықтан сізден олардың жұмысын назардан тыс қалдырмауды өтінемін”.


19- на 03 сағ.36 мин № 10 өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне Қостанай ауданы, Владимировка ауылында Октябрьская көшесі 110 жеке тұрғын үйдің жанып жатқандығы туралы қоңырау келіп түсті. Өрт орнына келген №10 ӨСБ қызметкерлері түтінмен тыныстап, эпилепсияға ұшыраған үй иесін құтқарды. Жеке құрам жедел жәрдем қызметі келгенше алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті де көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру