Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өрттен 6 газ баллоны шығарылды

Қызылордалық өрт сөндірушілер қызыл жалынның ішінінен алты газ баллонын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 21 мамырда сағат 18.18-де Қызылорда қаласы Әбдірахманов көшесі №81 тұрғын үйдің ауласында сарай жанып жатқаны жөнінде “101” нөміріне хабарлама түсті. Шақырту бойынша №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күш-құралдар жіберілді. Оқиға орнына жедел жеткен бірінші бөлімше барлау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, тұрғын үй ауласында орналасқан ауданы 50 шаршы метрді құрайтын сарай толығымен жанып, көрші тұрғын үйге және жақын орналасқан моншаның ағаш шатырына қызыл жалын зақым келтіргендігі анықталды.

Оқиға орнындағы өрт сөндірушілердің жылдам әрі нақты іс-қимылының нәтижесінде өрт ошағына жақын орналасқан моншаға ағаш сарай мен уақытша тұрғын үй және гаражға тілсіз жаудың таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіру барысында қызыл жалын оранған сарай ішінен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ж.Рысбеков және аға өрт сөндіруші құтқарушы А.Икмат өз өмірлерін қатерге тіге отырып сыйымдылығы 50 литрлік екі дана және сыйымдылығы 27 литр болатын төрт дана газ баллондарын қауіпсіз жерге шығарды. Осылайша газдың жарылысы болмады. Өрт
сағат 18.45-те оқшауланып, сағат 18.51-де толық сөндірілді. Өртке Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінен 15 қызметкер, төрт өрт сөндіру автотехникасы, “Апаттар медицина орталығы” Қызылорда облысы филиалынан үш қызметкер бір бірлік автокөлік жұмылдырылды.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру