Өскемен полициясы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылдап жатыр
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында Өскемен қаласы полиция басқармасының басшылығы жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жандандырылды. Оған офицерлік және полицейлік жиналыстардың қызметін жетілдіру де кіреді.
2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көзделген жоспарды іске асыру мақсатында Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Баяндинов күн сайын Өскемен қаласы ПБ жеке құрамымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оның барысында полиция қызметкерлеріне бекітілген жоспардың мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін санкцияларды қатаңдату және жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жеткізіледі.
Сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік аппарат арасында профилактика бойынша жаңа құралдарды, атап айтқанда: «Адалдыққа тексеру» (Integrity Сһеск) құралын енгізі, «Ақшаның соңынан жүру» қағидаты, активтерді іздеу және қайтару, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу жүзеге асырылып жатыр. Осы жобалардың негізгі мақсаты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу, сондай-ақ полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері басқарма басшылығының ерекше бақылауында. Қазіргі уақытта алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау жөнінде нұсқаулар берілді.