Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды сақтаған

Өскемен тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы аудиоматериалдарды сақтау фактісін анықтады.

Осы факті бойынша 26 жастағы өскемендікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлімі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Өскемен қаласы сотының қаулысымен ер адам аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Айта кету керек, жыл басынан бері ШҚО ПД қызметкерлері тыйым салынған діни сипаттағы материалдарды сақтаудың төрт фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру