Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны өз таныстарын 2,2 млн теңгеге алдап кеткен

Өскемен тұрғыны өз таныстарын 2,2 млн теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-ның кезекші бөліміне алаяқтықтан зардап шеккен үш әйелден өтініш келіп түскен. Кейін олардың барлығы бір алаяқтың қармағына түсіп қалғандары белгілі болған.

Жәбірленушілер танысы оларды қомақты қаражатқа алдап кеткенін айтқан. Қаскөй біреуіне несие алуға көмектесуге уәде берген, ал қалғандарына пәтер сатып алуға көмек ұсынған. Жалпы шығын шамамен 2,2 млн теңгені құраған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полицейлер 53 жастағы күдіктіні анықтаған, көп ұзамай оны полиция бөліміне жеткізген, жауап алу кезінде ол кінәсін мойындаған.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру