Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған

Өскеменде 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының полиция басқармасына кешкі уақытта патрульдеу барысында Опытное Поле бағытындағы жолда 23 жастағы жігіттің басқаруындағы ВАЗ 21060 көлігі тоқтатылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Көлік тізгіндеген жігіттің жеті жылға көлік басқару құқығынан айырыла тұра, “орташа дәрежелі” масаң күйде көлік құралын басқарғаны анықталған.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру