Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде аккумулятор ұрлығымен айналысқан үш күдікті ұсталды

Өскеменде аккумулятор ұрлығымен айналысқан үш күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласында жүк көліктерінің аккумуляторларын заңсыз иемденді деген күдікпен үш жергілікті тұрғын ұсталды.

Бұған дейін полицияға қала тұрғыны жүк көлігінен аккумулятордың ұрланғаны туралы хабарлап, жүгінген. Оның айтуынша, көлігін түнгі уақытқа үйінің маңында қалдырып кеткен, алайда таңертең аккумулятордың жоғалғанын байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтап, ұстаған. Тергеу нәтижесінде олардың осындай алты қылмысқа қатысы бары дәлелденді.

Күдіктілердің бірі қылмыстарды алдын ала жоспарлағандарын мойындаған. Олар жұма күндері жүк көліктерін бақылап, қараусыз қалғандарын таңдап отырған. Кейін сенбіден жексенбіге қараған түні аккумуляторларды ұрлап, бірден металл қабылдау орындарына өткізіп отырған. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге және жеке мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады. Әсіресе, түнгі уақытта көліктерге қосымша қорғаныс құралдарын орнатып, күдікті әрекеттерге назар аудару қажеттігін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру