Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде апиын құйылған шприці бар ер адам ұсталған

Өскеменде апиын құйылған шприці бар ер адам ұсталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер облыс орталығының тұрғынынан есірткі заты бар шприцті тәркілеген.

“Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері есірткі сақтаған деген күдікпен 39 жастағы өскемендікті ұстаған.

Күдіктінің үйін жедел тінту кезінде полиция қызметкерлері сары-қоңыр түсті сұйықтықпен толтырылған медициналық шприцті, қара түсті заты бар металл шыныаяқ пен медициналық пипеткалар салынған қорапты тауып, тәркілеген.

Сарапшының қорытындысына сәйкес медициналық шприцтегі анықталған сұйықтық – көлемі 5 мл “экстракциялық апиын” ерітіндісі, 5 мл ерітіндідегі экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы 0,0311г құраған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Санкциясымен 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделетін есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру