Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді

Мақтааралдық полицейлер тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, күндізгі сағат 15:00 шамасында егістік алқапта жайылып жүрген бір бас жылқысы жоғалып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 350 мың теңге. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына шығып, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Сақшылардың тыңғылықты жұмысының нәтижесінде Достық су каналының бойындағы жайылымдық алқаптан жылқы табылды. Жоғалған жылқы заңды иесіне қайтарылды.

– Рақмет, кеше тайымды жоғалтып алып едім. Бүгін, міне учаскелік полиция инспекторлары тауып берді. Алла разы болсын! Аяқ асты қазығынан босап кетіп, алысқа шауып кеткен екен. Осы ретте күн-түн демей табылуына атсалысқан тәртіп сақшыларына алғысымды айтамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деп алғысын білдірді тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру