Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды
Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында облыс орталығындағы балалар үйлерінің бірінің тәрбиеленушісі болып табылатын, медициналық колледждің 16 жастағы жоғалып кеткен студенті табылды.
Кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын 10 маусымда Өскемен қалалық ПБ Жедел басқару орталығының «102» жедел арнасына тәрбие мекемесінің 47 жастағы қызметкері хабарлады. Оның айтуынша, бойжеткен балалар үйінің ғимаратынан шығып, қайта оралмаған.
Өтінішті ала салысымен Өскемен полициясының жеке құрамы дереу іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалғанды таныстарының үйінен тапты. Жасөспірім өз әрекеттерін балаларға арналған баспанада өмір сүргісі келмейтіндіктен жасадым деп түсіндірді.
Бүгінгі күні өз қауіпсіздігі үшін қыз бала тәрбиешілердің қамқорлығына қайтарылды.