Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддер тұрғыны 1,5 келіден астам есірткі сатпақ болған

Риддер тұрғыны 1,5 келіден астам есірткі сатпақ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының соңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Риддер қаласының 44 жастағы тұрғынының есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы туралы ақпарат келіп түсті. Тексеруді бастағаннан кейін ақпарат өзінің растауын тапты.

1 маусымда “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары аталған ер адамды ұстады. Өзімен бірге белгілі бір иісі бар өсімдік тектес 3 полимерден және бір қағаздан жасалған түйіншек болған. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ұқсас құрамы бар 86 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.

Жүргізілген сараптама күдіктіден алынған заттардың жалпы салмағы 1 503,2 грамм кептірілген марихуана есірткі екенін көрсетті.

– Ұсталғаннан кейін күдікті қамауға алынды, қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру