Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде банк қызметкері 11,6 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденіп алған

Өскеменде банк қызметкері 11,6 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 35 жастағы азамат жүгінген. Ер адам тұрғын үй сатып аламын деп алаяқтың құрбаны болғанын айтқан.

Белгілі болғандай, биылғы жылдың мамыр айында өтініш берушінің танысы оған 50/50 бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға көмек ұсынған. Ойлана келе, ер адам танысына 11,6 млн теңге берген. Уәде етілген көмекті немесе өз ақшасын қайтаруды күтпестен, төрт айдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген.

Тәртіп сақшылары қысқа мерзімде күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде 37 жастағы банк қызметкері өз кінәсін мойындаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда оны үш жылдан жеті жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру