Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде есірткі қойып кетуші ұсталды

Өскеменде есірткі қойып кетуші ұсталды. Ол – Алматы қаласының тұрғыны, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ арнайы мақсаттағы бөлімшесімен және “Сергек” АБК инспекторымен бірлесіп, Барнауыл көшесінде курьер, қойып кетушіні ұстады. Күдікті 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

Аумақ учаскесін тексеру барысында тәртіп сақшылары лентамен оралған ораманы тапқан, оның ішінде ақ түсті ұнтақталған зат бар 45 кішкене орама болған. Сонымен қатар ұсталған адамның уақытша тұрып жатқан үйіне тінту жүргізілген. Нәтижесінде полицейлер психотроптық заттарды орауға арналған заттарды тапқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, бумалардың ішіндегі зат жалпы салмағы 23 грамнан асатын “Альфа-pvp” екені белгілі болды. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіні он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру