Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде мас жүргізуші ұсталды

Өскеменде мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында 22-24 қыркүйек аралығында Өскемен қаласының аумағында “Мас жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

22 қыркүйекте сағат 00:20 шамасында Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкерлері Бажов көшесінде ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны, сонымен қатар жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам екені анықталды.

Құқық бұзушыға жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша 50 жастағы азаматтың мас күйінде болғаны расталды.

– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-тармағы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік материал Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді, – деп түсіндірді Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру