Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Өскеменде заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Нелегал-2022» жедел алдын алу шарасы аясында көші-қон қызметкерлері базарларды, құрылыс нысандарын, сауда үйлері мен қызмет көрсету салаларын тексеруде. Кезекті тексеру барысында Өскеменде шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісі анықталды.

– Тәжікстан Республикасының 12 азаматы әкімшілік ғимаратты жөндеу бойынша рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырды. Өскемен қаласының сотымен шетелдік азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 25 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік материал жасалды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

ШҚО ПД көші-қон қызметі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтарға тиісті рұқсат ресімделуі қажет екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру