Өскемендегі ЖШС экспедиторы 2,8 млн теңге жуық қаражатты ұрлаған
Өскемендегі ЖШС экспедиторы 2,8 млн теңге жуық қаражатты ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үлбі ПБ кезекші бөлімінің «102» арнасына көтерме сауда серіктестігінің Өскемен қаласындағы филиалының директоры жүгінген. 63 жастағы ер адам компанияның бұрынғы қызметкері ЖШС аумағында еркін қол жеткізу арқылы 2,8 млн-ға жуық қаражатты жасырын ұрлап кеткенін хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол бұрын істі болған 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу барысында ұсталған адам ұрлық жасаған кезде экспедитор қызметін атқарғаны, тауарды сауда нүктелеріне жеткізгеннен кейін жеткізген тауардың ақшасын жинап, қашып кеткені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктіге қатысты «келуге міндеттеу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.