Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Осы аптада қар құрсауынан 1212 адам құтқарылды – ІІМ

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Осы аптада қар құрсауынан қанша адам және автокөлік эвакуацияланды?

– 3-5 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері төтенше жағдай қызметтерімен және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, 1212 адамды эвакуациялады, олардың 173-і балалар. Шамамен 100 автокөлікті қардан сүйреп шығарды.

Осыған орай азаматтардан жолдағы жағдайды алдын ала біліп, аса қажеттіліксіз ешқайда шықпауды тағы да сұраймын.

Жол қателікті кешірмейтіндігін есте сақтаған жөн!

Қазақстан жолдарындағы жағдай туралы нақты ақпаратты қайдан білуге болады?

– Ауа райының нашарлауына байланысты жабық учаскелер туралы сенімді ақпаратты 112, 102 телефондары арқылы, сондай-ақ “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының байланыс орталығының 1403 телефоны арқылы білуге болады.

Ауа райы нашарлаған кезде жолдарды жабу туралы шешімді кім қабылдайды?

– Жол және төтенше жағдай қызметтері полициямен бірлесіп, көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жол қызметтерімен бірге жолдардың жабық бөліктеріне көлік құралдары мен адамдарды өткізбеу бойынша шаралар қабылдап, көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүруіне жағдай жасайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру