Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өткен демалыс күндері Алматы жолдарында 36 түнгі жарысқұмарлар ұсталды

Өткен демалыс күндері Алматы жолдарында 36 түнгі жарысқұмарлар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамандандырылған батальонның айтуынша, осыншама автокөлік жүргізушілері өздерінің көліктерін “жарысқа” бейім қылып жасап алған, олар түтін шығатын жүйеге күркіреген әсер тудыратын резонаторлар орнатқан.

 – Бұл көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Ал олардың иелеріне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік хаттамалар жасалды. Сонымен қатар мақсатты іс-шараға қатысатын қызметкерлердің назары, жалпы алғанда қаладағы жол қозғалысы жағдайына теріс әсер ететін басқа да жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Өткен мереке және демалыс күндері мас күйінде көлік жүргізген 10 жүргізуші ұсталып, көлік құралын басқарудан босатылды, тағы екі жүргізуші көлік айдау құқығынан айырылған бола тұра, көлік тізгініне отырған. Алдыңғы әйнектері қараңғыланған 76 автокөлік, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген төрт көлік анықталды, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ 23 көлік ұсталды. Сондай-ақ агрессивті көлік жүргізудің тағы сегіз жанкүйері жауапқа тартылды, – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру