Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өткен жылы Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 115 шетелдік елден шығарылды

Өткен жылы Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 115 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Қызылорда облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын сақтау бағытында біршама жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, түрлі мақсаттармен облыс аумағында 20864 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Облыс көлемінде 1476 шетелдікке ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен хаттамалар толтырылып, 115 шетелдік азамат әкімшілік жолмен республика аумағынан шығарылды.

Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның 488 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 72 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен әкімшілік шара көрілді.

2023 жылы ҚР азаматтарды жеке куәлікке және төлқұжатқа құжаттандыру бойынша 93520 өтініш қабылданды. Оның ішінде ҚР азаматының төлқұжатымен 29089, жеке куәлікпен 64431 адам құжаттандырылды. Облыс аумағына тұрақты тұруға өтініш білдірген 51 шетелдік азамат өтініш білдіріп, ықтиярхатпен құжаттанған. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға өтініш білдірген 52 шетелдік азаматтың іс-құжаттары қабылданып, ҚР азаматтығы берілді. Ескі үлгідегі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының паспортымен жүрген 16 адамға құжаттануға көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру