Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өткен жылы СҚО-да кәмелетке толмағандар арасында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Өткен жылы СҚО-да кәмелетке толмағандар арасында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әңгімелесулер, онлайн-конференциялар, проблемалы отбасыларға бару және көңіл көтеру орындарына түнгі рейд жүргізу – өткен жылдың 12 айында СҚО-да мыңға жуық рейдтік іс-шара өткізілді. Түнгі рейдтерге ювеналдық полицейлермен бірге білім, денсаулық сақтау органдарының өкілдері, криминалдық полиция және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері қатысады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында және үйден тыс жүргендері үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың 2373 заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүргені үшін ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша аталған мекемелердің 27 иесі, заңды бұза отыра, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатқаны үшін 133 дүкен иесі жауапқа тартылды. Осылайша, түрлі бұзушылықтардың жолы кесілді.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың сөзінше, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  – ювеналдық полиция инспекторларының басты міндеті. Аталған жұмыс белгілі бір машықтарды, бей-жай қарамауды және күнделікті жұмыс жүргізуді тек полицейлер мен педагогтар тарапынан ғана емес, сондай-ақ балалардың ата-аналарынан талап етеді.

– Бүгінгі күні жеке профилактикалық шаралар қабылданған 150 жасөспірім есепте тұр. Қазіргі уақытта баласының тәрбиесіне бей-жай қараған 315 ата-ана есепте тұр, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың және оларға қатысты қылмыстарды ескерту, – дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру