Өз үйінің ауласында сора өсірген шымкенттік сотталды
Өз үйінің ауласында сора өсірген шымкенттік сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында өз ауласында сораны заңсыз өсірген жергілікті тұрғынды анықтады.
58 жастағы ер адамнан тоғыз түп құрамында есірткі бар өсімдік тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп, қылмыстық істі сотқа жолдаған.
Сот үкімімен азаматқа қатысты 9 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, қоғамдық орындарда 75 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.