«Пәтер алуға көмектесемін»: жамбылдық полицейлер тұрғындарды алдаған алаяқты ұстады
Жамбылда алаяқ пәтер алуға көмектесемін деп, адамдардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденіп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын ұстады.
Алдын ала тергеу барысында пәтер алуға көмек көрсету сылтауымен алаяқ Тараз қаласының екі тұрғынынан 200 мың теңгеден астам соманы иемденгені анықталды.
Аталған деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады, ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.