Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Пәтер алып беремін»: шымкенттік тұрғын 2 млн теңгесінен айырылды

Шымкенттік тұрғын екі миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жеке тұлға пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 2 миллион теңге ақшасын алып, алдап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында алаяқты анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру