Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсу полицейлері ұлына алимент төлемеген тұрғынға қатысты тергеу жүргізуде

Ақсу полицейлері ұлына алимент төлемеген тұрғынға қатысты тергеу жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 139-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша Ақсу қаласының полицейлері өз баласын асырауға алимент төлемейтін ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуде. Тергеу барысында 35 жастағы ер адам ажырасқаннан кейін 2008 жылы туған ұлына алимент төлемейтіні анықталды.

2020 жылы сот азаматтан бұрынғы әйелінің пайдасына кәмелетке толмаған баланы жалақысының барлық түрінен ¼ бөлігі мөлшерінде бала кәмелетке толғанға дейін ай сайын өндіріп алу туралы шешім шығарды. 2021 жылғы ақпанда борышкерге атқарушылық құжаттың талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту берілді.

Полиция ағымдағы жылдың маусым айында Ақсу қаласының сотымен азамат ҚР ӘҚБК 669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылғанын хабарлады. Қыркүйек айында борышкерге атқарушылық құжаттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескерту қайта берілді. Мұндай шаралардан кейін де ер адамнан тиісті әрекет болған жоқ, соның салдарынан оның алимент бойынша берешегінің сомасы бүгінгі күні шамамен 1,5 миллион теңгені құрады. Енді оның әрекеті қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызылды және жақын арада айыпталушы сот алдына шығады.

Павлодар облысының полицейлері осы сипатты мысалда азаматтарға балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып табылатынын, ал кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын кезекті рет еске салады. Алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттың талаптарын мәжбүрлеп орындатуға бағытталған ең қатаң ықпал ету шаралары қолданылады. Сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндеттейтін заңнама нормаларын елемегені үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 139-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру