Павлодар колониясында сотталған екі бейнебақылау камерасын сындырды
Павлодар колониясында сотталған екі бейнебақылау камерасын сындырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар колониясында сотталған екі бейнебақылау камерасын сындырды. Осы құқық бұзушылыққа байланысты оның қамау мерзімі ұзартылды. Бұл жағдай сотталғанның жазасын өтеп жатқан №45 мекемеде болды.
– Белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында ол екі камераға қасақана зақым келтірді, – деді қадағалау органы.
Ер адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бейнебақылау жүйесіне қасақана зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.