Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облыстық ПД қызметкерлері спортта да үздік нәтиже көрсетті

Павлодар облыстық ПД қызметкерлері Президенттік тестілер чемпионатында жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

10-11 қазан күндері Павлодар облысында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту және қатысушылардың дене дайындығын арттыру мақсатында Президенттік тестілер бойынша чемпионат өтті.

Байқауға Павлодар облысы полиция департаментінің өкілдері қатысып, күш-жігерін, төзімділігін және жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша ішкі істер органдарының ардагері Қанат Шәкуов пен Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Алина Жұмабек жүлделі орындарға ие болды.

Мұндай спорттық жарыстар қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ішкі істер органдарындағы спорттық дәстүрлерді дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру