Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облыстық ҚАЖД өкілдері кәсіпкерлерді мекеме аумағында филиалдарын ашуға шақырды

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД өкілдері кәсіпкерлерді мекемелер аумағында филиалдарын ашуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ департаменті өкілдері шағын және орта бизнес кәсіпкерлерімен, Еңбек-Павлодар РМК басшылығы, прокуратура, кәсіпкерлер палатасы, абақты басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, сонымен қатар Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Гладышеваның қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

– Сотталушыларды жұмысқа орналастыру – біздің қызметіміздің басым бағыты. Егер сотталушы жұмыс істесе бұл – ең бірінші оның бос уақытының қамтылуы, оның қаржы жағынан қамтамасыз етілуі, ол атқарушы парағы бойынша қарыздарын жабады. Біз кәсіпкерлерді біздің мекемелер аумағында филиалдарын ашуға шақырамыз, – деді Павлодар облысы ҚАЖ департаменті басшысының міндетін атқарушы Мақсат Ашимов.

Жиында ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы сұрақтар талқыланды, мәселелі сұрақтарды шешу жолдары мен ұсыныстар айтылды. Аймақтың бес мекемесінде 1600-ден астам адам жазасын өтеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру