Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған затты алып өту әрекетінің жолы кесілді
№63 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған затты мекеме аумағына алып өту әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Режимдік іс-шаралар мен тексеру барысында сот процесінен кейін мекемеге жеткізілген тергеу-қамауындағы азаматтың жанынан телефон табылып, тәркіленді. Аталған азамат тыйым салынған затты белгіленген режим талаптарын айналып өтіп, мекеме аумағына алып өтпек болған.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында тыйым салынған затты алып өту фактісі дер кезінде анықталып, жолы кесілді. Аталған дерек бойынша тиісті материалдар жиналды.
Белгіленген тәртіп талаптарын бұзғаны үшін тергеу-қамауындағы азамат тәртіптік изоляторға қамалды.
Мекемеде тыйым салынған заттардың алып өтілуіне жол бермеу, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және белгіленген режим талаптарының сақталуын бақылау мақсатында профилактикалық және режимдік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
- Белгіленген тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекет дер кезінде анықталып, жолы кесілетін болады. Мекемедегі режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету — қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі, — деп атап өтті мекеме әкімшілігі.
