Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері азаматтарға ескертуді ерекше тәсілмен жеткізді
№63 мекеме қызметкерлері танымал интернет-тренд арқылы азаматтарға тыйым салынған заттарды алып өту жауапкершілігін еске салды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №63 мекемесінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстың заманауи тәсілін қолданып, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдары арасында әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатқан танымал интернет-трендке қатысты.
Бейнероликтің негізгі мақсаты – азаматтардың заң талаптарын сақтау мәселесіне назарын аудару және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды алып өту деректерінің алдын алу. Қызметкерлер қарапайым әрі түсінікті түрде тыйым салынған заттарды жеткізуге немесе алып өтуге әрекет жасау белгіленген талаптарды бұзу болып табылатынын және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.
Бүгінде әлеуметтік желілер халықпен байланыс орнатудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Заманауи ақпараттық форматтарды пайдалану маңызды профилактикалық хабарламаларды кең аудиторияға, әсіресе интернет-трендтерді белсенді қадағалайтын жастарға жеткізуге мүмкіндік береді.
№63 мекемесінде құқық бұзушылықтардың алдын алу қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Мұндай бастамалар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға деген құрметті қалыптастыруға және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді.
