Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 1 759 мал иесі жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында 1 759 мал иесі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұловтың қатысуымен қараусыз қалған мал мәселелері бойынша брифинг өтті.

– Қаңғыбас мал бүгінгі күні өзекті мәселе болып қалуда. Рұқсатсыз жаю нәтижесінде мал жол-көлік оқиғаларына әкеп соғады, біреудің мүлкін бүлдіреді, көшелерді ластайды, сондай-ақ ұрлық объектісіне айналады. Кейбір адал емес мал иелері ұйымдасқан мал жаю мәселелерімен алаңдамайды және малды қараусыз қалдырып, өздері бақыламайды. Ал мұндай бұзушылық үшін ҚР ӘҚБК 408-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады, – деп атап өтті Ғалым Сарғұлов.

Мысалы, 2021 жылғы 17 қазанда “Ленин-Курчатов” автожолының 43 шақырымында, М.Омаров ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алып, оған қараусыз қалған мал себеп болды. Жүргізуші “Лада” маркалы автокөлігімен екі сиырды қаққан, олар автожолдың жүріс бөлігінде қараусыз жайылып жүрген. Мал иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, ЖКО салдарынан бүлінген көлік құралының иесі қараусыз қалған үй жануарының иесінен келтірілген залал сомасын өндіріп алу туралы сотқа жүгіне алады.

Мал ұрлығының, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыс аумағында полиция қызметкерлері тұрақты негізде автожолдар мен жайылымдарда рейдтер жүргізеді. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 11 мың бас иесіз жайылып жүрген малды айыппұл тұрағына қамалды, олардың облыс бойынша саны 146.

Бүгінгі күні ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша мал жаюды бұзғаны үшін 1 759 мал иесі жауапкершілікке тартылды.

– Мал ұрлығының алдын алу мақсатында “Павлодар облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау ережелері” әзірленіп, бекітілді. Осы қағидалар Павлодар облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды, – деп хабарлады спикер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру