Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде кіреберіс терезесінен кәмелетке толмаған қыз құлап кетті

Ақтөбеде кіреберіс терезесінен кәмелетке толмаған қыз құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17 қазанында сағат 18.45-те Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО “102” телефонына Ақтөбе қаласы 11 шағын ауданындағы № 112 “в” үйінің кіреберіс терезесінен кәмелетке толмаған қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Келген полиция жасағы аталған үйдің кіреберісінің алдында 2008 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатындағы кіреберістің балконынан секіріп кеткен.

Кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның себептері анықталуда.

ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру