Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда бір күнде мас күйде көлік басқарған 6 жүргізуші анықталды

Атырауда бір күнде мас күйде көлік басқарған алты жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының 15-25 күндері аралығында Атырау қаласы аумағында жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында өткізіліп жатырған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полиция қызметкерлерімен бір күн ішінде яғни, күндізгі уақытта масаң күйінде көлік басқарған алты жүргізуші анықталды. Олардың біреуі жол-көлік оқиғасын жасаған.

Мәселен, 18 қазан күні сағат 17:00 шамасында Мирас мөлтек ауданы, Қ.Мұңайтпасов көшесі бойында Ваз 2123 маркалы көлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қадағаламай, жол жиегінде тұрған электр бағанасына соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Аталған оқиға бойынша патрульдік полиция қызметкерлері тексеріс барысында Ваз 2123 маркалы автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісінің көлікті ішімдік ішкен күйде басқарғандығы белгілі болды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Енді ол жеті жылға көлік кұралын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Осы ретте, Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік жүргізушілерінің назарына өз өмірімен қатар, өзге де азаматтардың өміріне қауіп тудырмау үшін ішмдік ішкен күйде көлікке отырмауларын қатаң түрде ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру