Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 38 “SOS” дабыл батырмасы орнатылды

Халыққа сервистік қызмет көрсету шеңберінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысында “SOS” дабыл батырмасының 38 құрылғысы орнатылған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Дабыл батырмалар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және облыстың 10 аудан орталықтарында жұмыс істейді. Көшедегі дабыл қағатын “SOS” батырмасы полицияға шұғыл қоңырау шалуға арналған.

Құрылғыны түнде алыстан байқау үшін жарық шамшырақтары принципі бойынша жұмыс істейтін жарық құрылғысы бар. “SOS”батырмасында микрофоны бар бейнекамера орнатылған, ол тәулік бойы қоршаған ортаның тұрақты аудио-бейне мониторингін жүргізеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру