Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ауыл тұрғыны полицейлерден ұлын қатаң жазалауды сұрады

Павлодар облысында ауыл тұрғыны полицейлерден ұлын қатаң жазалауды сұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар ауданының 66 жастағы тұрғыны жанжал шығарған 31 жастағы ұлын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы полицияға арызданды.

– 17 қаңтарда ұлы алкогольдік масаң күйде әкесіне балағат сөздер айтып, физикалық күш қолданамын деп қорқытып, жанжал шығарған. Әкесі ұлының бұл әрекетіне шыдамай, полицияға жүгінді. Келген учаскелік полиция инспекторы оның ұлымен сөйлесіп, оның үстінен ҚР ӘҚБтК 73-1 бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жіберілді, – деді Павлодар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Айтмұхамбетов.

Айта кетейік, полицейлер төбелесқордың бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру