Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бір күнде екі ЖКО тіркелді: адам шығыны бар

Павлодар облысында бір күнде екі ЖКО тіркелді. Жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қараша күні сағат 02.40-та Ақсу қаласы Абай-Молодежная көшелерінің қиылысында Renault Symbol көлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, онда жолаушы қайтыс болды.

Сол күні сағат 06.15-те Ақтоғай-Харьковавтожолында ВАЗ-21134 автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті кюветке аударып жіберді. Жол апатынан жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

– Жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айыппұл тұрақтарына қойылды, – деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, осы жылы облыс жолдарында 409 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 67 адам қаза тауып, 506 адам жарақат алды. Павлодар облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру