Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында скутерді мас күйде тізгіндеген тұрғын қамауға алынды

Павлодар облысында скутерді мас күйде тізгіндеген тұрғын 20 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарбақты ауылында 1 мамыр көшесінде полицейлер RACER скутерін тоқтатты.

– Жүргізуші скутерді ирелеңдеп басқарған. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Куәландыру мас болудың жеңіл дәрежесін көрсетті. Белгілі болғандай, ауыл тұрғынының жүргізуші куәлігі де жоқ. Мас күйінде мотоциклді жүргізгені үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қайрат Сатыбаев.

Айта кетейік, биыл Павлодар полицейлері көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 420 жүргізушінің жолын кесті, оның 4-і – Шарбақты ауданында болды. Барлық құқық бұзушы қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру