Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар орблысында мас күйінде скутер жүргізген ауыл тұрғыны 20 тәулікке қамалды

Павлодар облысының тәртіп сақшылары мас күйінде скутер жүргізген ауыл тұрғынын 20 тәулікке қамады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Шарбақты ауылында полицейлер RACER скутерін тоқтатты, жүргізушісі скутерді дұрыс емес жүргізіп келе жатқаны байқалды. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Куәландыру мас болудың жеңіл дәрежесін көрсетті. Белгілі болғандай ауыл тұрғынының жүргізуші куәлігі де жоқ. Мас күйінде мотоциклді жүргізгені үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасарының м.а. Қайрат Сатыбаев.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысының полицейлері көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 420 жүргізушінің жолын кесті. Оның 4-і Шарбақты ауданында болды. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру