Павлодар облысында демалыс күндері екі жол-көлік оқиғасы болды
Павлодар облысында демалыс күндері екі жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қазан сағат 11.20-да Кенжекөл-Ақсу автожолының Ақжол көпірінде ВАЗ-21014 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, металл ұрғышқа соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды.
Сол күні сағат 15.30-да Павлодар-Успен автожолында Коряковка ауылының маңында 73 жастағы Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылды.
Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.