Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас халде көлік басқарған әйел 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды

Павлодар облысында мас халде көлік басқарған әйел 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Железин ауданы патрульдік полициясының қызметкерлері Daewoo Matiz көлігін тізгіндеген ауыл тұрғынын мас күйінде ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйелдің “орташа” дәрежедегі мас екені анықталды.

36 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 608-бабы(Жүргізушінің көлікті мас күйінде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот ауыл тұрғынын 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Айта кетейік, Павлодар облысында жыл басынан бері 820-ға жуық жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру