Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйде трактор басқарған жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында мас күйде трактор басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертең Ертіс ауданы ауылдарының бірінде мас ауыл тұрғыны трактор басқарған кезде шұңқырға аударылып кеткен. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес тракторшы алкогольдік масаң күйде болған. Ұсталған тракторшыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді.

– Сот отырысында ауыл тұрғыны кешке той болғанын, ал таңертең рөлге отырмас бұрын арақ ішкенін түсіндірді. Көлік құралын басқару кезінде ол ұйықтап қалып, оны басқара алмай, шұңқырға аударылды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғат Әбенов.

Ертіс сотының қаулысымен трактористке қатысты 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыра отырып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Жыл басынан бері Павлодар облысында көлік құралының рульіне мас болып отырған 1761 жүргізуші жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру