Павлодар облысында оқушыларға жол қозғалысы ережелері түсіндірілді
Павлодар облысында оқушыларға жол қозғалысы ережелері түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Назар аударыңыз – балалар!" республикалық акциясы аясында және жазғы демалыс маусымының басталуына орай полиция қызметкерлері Ертіс ауданы прокуратурасымен бірлесіп мектеп оқушыларына жол қозғалысы ережелері бойынша профилактикалық сабақтар өткізді.

- Жаз мезгілінде балалардың көшеде, аулаларда және жол маңында көбірек уақыт өткізетіні ескеріліп, олардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда, – деп атап өтті Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Атығай Айгазинов.
Кездесу барысында оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған негізгі ережелер, велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану тәртібі, сондай-ақ жолдан дұрыс өту қағидалары түсіндірілді. Полицейлер балалармен бірге түрлі жол жағдайларын талқылап, мұқияттылық пен тәртіптің, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың адам өмірі мен денсаулығын қорғаудағы маңызын атап өтті.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
