Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер Абай мұрасын дәріптеген дөңгелек үстелге қатысты

Ертіс аудандық полиция қызметкерлері Абай мұрасын дәріптеген дөңгелек үстелге қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында Ертіс ауданының полиция қызметкерлері ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Рухани-танымдық кездесу Ертіс аудандық кітапханасында өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Қымбат Көшербаева қатысушыларды Абайдың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, ақынның өлеңдері мен әйгілі "Қара сөздеріне" тоқталды.

Кездесуде Абайдың философиялық және ағартушылық идеяларының халықтың рухани дамуы мен ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы кеңінен сөз болды. Ұлы ойшылдың білімге, еңбекке, адамгершілікке және өзін-өзі жетілдіруге үндейтін тағылымы бүгінгі қоғам үшін де өзекті екені атап өтілді.

Шара аясында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Абай Құнанбайұлының шығармалары, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған зерттеулер, сондай-ақ оның әдеби және философиялық мұрасын зерделеуге бағытталған басылымдар қойылды.

Полиция қызметкерлері көрмені тамашалап, пікір алмасуға белсенді қатысты. Олар Абай шығармашылығының қазіргі қоғамдағы маңызы жөнінде ой бөлісті.

– Мұндай кездесулердің маңызы зор. Абайдың мұрасы – халқымыздың рухани байлығы мен ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Оның тағылымға толы шығармалары адамды білімге, жауапкершілікке және өзін-өзі жетілдіруге үндейді. Бұл құндылықтар полиция қызметкерлері үшін де маңызды, – деді Ертіс ауданы полиция бөлімінің кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Семейхан Нұрғалиев.

Дөңгелек үстел ұлы ақын мұрасын насихаттап, қызметкерлердің рухани-мәдени танымын арттыруға бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру