Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

"Заң мен тәртіп – балалық шақ кепілі" тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысында профилактикалық іс-шара өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған 100-ден астам бала қатысып, олар үшін профилактикалық әрі танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған "Балаларға назар аударыңыз!" профилактикалық іс-шарасына ерекше назар аударылды.

Полиция қызметкерлері балаларға интерактивті сабақтар өткізіп, жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық орындарда, су айдындарының маңында және интернет желісіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар ашық терезелердің, судағы демалыстың және әлеуметтік желілердің қауіп-қатері туралы айтылды.

Бағдарламаның жарқын бөліктерінің бірі – ЖҚАЖ қызметкерлерінің көрсетілімдері, кинологиялық орталықтың қызметтік иттерінің өнер көрсетуі, "КиберШериф" жобасының жұмысы, сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметінің арнайы техникасын көрсету болды.

"Каникулы FEST" форматы профилактикалық және ағартушылық жұмысты бір арнаға біріктіріп, оны балалар үшін түсінікті әрі қызықты етуге, сондай-ақ өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік берді.

– Басты міндет – әрбір баланың қауіпсіздік ережелерін білуі және ықтимал қауіпті жағдайда дұрыс әрекет ете алуы. Балалардың қауіпсіздігі – мемлекет, ата-ана және қоғамның ортақ жауапкершілігі, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру