Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицияның заманауи модульдік пункттері ашылды

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовпен бірге полицияның жаңа модульдік пункттеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кету керек, модульдік пункттерді құру туралы шешім Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың полиция “Қадамдық қолжетімділік” қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің реформасын жариялауына байланысты қабылданды.

Жасалған қылмыстар бойынша талдау жүргізгеннен кейін (уақыты, орны және т.б.) және қаланың криминогендік жағдайын ескере отырып, азаматтар үшін ыңғайлы модульдік полиция бекеттерінің орналасқан жері анықталды. Ағымдағы жылы аталған пункттер Павлодар қаласында Қамзин көшесі 166, Қамзин көшесі 6, Гагарин көшесі 42/1, Мүткенов көшесі 52, сондай-ақ Баянауыл ауылында орналасқан.

Әбілқайыр Сқақов пен Нұрлан Мәсімов барған бірінші пункт Қамзин көшесіндегі 166 модульдік пункт болды.

Нұрлан Мәсімов полицияның әрбір модульдік пункті әкімшілік учаске ауласының ортасында, барлық ғимараттардан бөлек орналасқанын атап өтті.

– “Қадамдық қолжетімділік” қағидатын қамтамасыз ету шеңберінде полицияның қоғамдық орындарда тұрақты болуының әсерін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Заманауи модульдік полиция бекеттері дамыған елдердің тәжірибесі бойынша орнатылған. Оларда тәулік бойы қызмет атқару және азаматтарды қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда өңірде осындай 5 бекет жұмыс істейді. Біз бекетті алыстан көру және азаматтар үшін қол жетімді ету үшін бәрін қарастырдық. Кез келген азамат өзін толғандырған мәселемен немесе туындаған мәселемен полиция қызметкерлеріне жүгіне алады, – деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.

Мәселелерді кешенді шешу үшін тірек пункттерде аға учаскелік инспектордан және тағы 4 учаскелік инспектордан басқа кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, сондай-ақ аймақтық жедел уәкіл қызмет атқаратынын нақтылады.

Халық тығыз орналасқан тұрғын үй ауласының ішіндегі жаңа, әдемі жеке үй-жай, “Полиция” деген үлкен жазу, кең терезелер – қала тұрғындарының назарын аударады. Өйткені бұндай қалада әлі болған жоқ. Сонымен қатар, бекет ішінде кең, жарық кабинеттер бар, онда қызмет атқаруға және азаматтарды қабылдауға ыңғайлы. Тірек пункті полицияның сапалы жұмысы үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған, бейнебақылау камералары аула мен балалар ойын алаңдарын қамтиды.

Айта кету керек, жыл соңына дейін қала мен облыс аумағында осындай тағы 5 полиция пунктін салу жоспарланған.

Барлық жаңа тірек пункттерін аралағаннан кейін Әбілқайыр Сқақов жаңашылдықты жоғары бағалады, мұнда бірден бірнеше бөлімше жұмыс істейтінін ескерсек, бұл үлкен профилактикалық жұмыс жүргізуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ полицияны халық үшін ашық әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Павлодарлықтар жаңа енгізілімді бағалап, мұндай модульдік полиция бекеттері азаматтар үшін өте ыңғайлы екенін атап өтті.

– Жеке өзім бұл аулада 20 жыл тұрамын, аулада адамдар көп жиналады, жанымызда базар да бар, көбінесе жастар кешке шулы демалады. Сондықтан, маған қарт адам үшін тірек пунктіне Катаев көшесі 87-ге бару өте ыңғайлы емес еді. Маған ұзақ жүріп баруға тура келді. Онда тірек пункті үйде орналасқан, бұл өте ыңғайсыз. Қазір ғимараттың өзі заманауи, түнде жарқырайды, оны алыстан және кез келген адам көре алады. Мен бүгін онда болдым, толық ақпарат алдым. Бұл жерде саған көмек те көрсетеді және жайлап түсіндіріп айтып та береді. Мұнда “клеткалар” бар. Өте ыңғайлы, жанжал шығарған адамдар бірден сонда отырғызылады, – дейді 77 жастағы зейнеткер Жазира Ахметова.

Айта кету керек, мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында Ішкі істер органдарына жұмыстың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету, сондай-ақ учаскелік инспекторларға басты рөл берілетін жергілікті полиция қызметін реформалау тапсырылды.

Cонымен қатар, жаңа тірек модульдік пункттерге барып, Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов аулаларды аралап, қала тұрғындарынан өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетіндерін сұрады.

Мысалы, Камзин көшесіндегі аулада қаншалықты қауіпсіз өмір сүретіні туралы тұрғындардың бірі:

– Мен балаларды аулада жалғыз жүруге жіберуден қорықпаймын, жиі жұмыстан кешігіп ораламын, енді біздің аулада тыныш екенін атап өткім келеді. Менің ойымша, мұның бәрі полицияның арқасында. Жалпы, жыл сайын полицияның жұмысы тиімдірек болып жатқанын байқаймын. Мысалы, біздің учаскелік инспектор бізге және көршілерімізге жиі келіп, қал-жағдайымызды сұрап тұрады, – деді ол.

 – Күніне бірнеше рет полицейлердің бұзушылықтың алдын алу және тәртіп бұзушыларды анықтау мақсатында көшелерді тексеріп жүргендерін көремін. Жұмысыңыз үшін рахмет, – деп Естай көшесіндегі үйдің тұрғыны Қайырболат бастыққа алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру