Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қараусыз жүрген жылқы жол апатына себеп болды

Павлодар облысында қараусыз жүрген жылқы жол апатына себеп болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні сағат 00:40-та Атамекен – Курчатов республикалық маңызы бар автожолда қараусыз жайылып жүрген жылқылармен ЖКО болды. Салдарынан көлік жүргізушісіне моральдық және материалдық залал келтірілді.

Полиция қызметкерлері жылқы иесін анықтады, ол Баскөл ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты, ол мал жаю ережелерін бұзған.

– Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі (Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет) бойынша әкімшілік хаттама жасалды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Алайда, айыппұлдан басқа, жылқы иесі автокөлік иесіне материалдық шығын төлейтін болады, – деп хабарлады Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев.

Айта кету керек, тек Май ауданы бойынша жыл басынан бері қараусыз жайылып жүрген малдың 80-нен астам иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру