Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды
Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шарбақты ауданының полицейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау фактісін анықтады.
– Қазақстан Республикасының азаматы 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алды, бірақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алғаны туралы хабарламады. Шетел азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс жасалып, іс сотта қаралды. Сот қаулысымен әйелді елден шығару туралы шешім қабылданды, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.
Полиция биылғы жылы осындай бұзушылықтар үшін 158 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.