Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер үй ауласынан велосипед ұрлаған шымкенттікті ұстады

Мақтааралдық полицейлер үй ауласынан велосипед ұрлаған шымкенттікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, сағат 23:00 шамасында өзінің тұрғын үйінің ауласына белгісіз адам кіріп, велосипедін жасырын жымқырып кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден келіп жетті. Күдіктіні анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Нәтижесінде, бұрын сотты болған ер адам ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.

Белгілі болғандай, сезікті түнгі уақытта тұрғындардың ұйқыда жатқан сәтін пайдаланып,  арам ойын жүзеге асырған. Ол бөтеннің мүлкін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Велосипедті сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру