Павлодар облысында құжатсыз көлік басқарған жүргізуші айыппұл арқалады
Павлодар облысында құжатсыз көлік басқарған жүргізуші айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 шілдеде сағат 20:17-де Ертіс ауылы бойынша учаскелік полиция инспекторлары Қажымұқан көшесінің бойында 31 жастағы ауыл тұрғыны барқарған BMW автокөлігін тоқтатқан.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің көлік басқару құқығынсыз жүргізгені анықталды. Бұдан бөлек, ол жыл сайынғы техникалық байқаудан өтпегені белігіл болды.
Ауыл тұрғынының айтуынша, ол досымен кездесуге бара жатқан.
– Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі және 590-бабының 9-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Енді ер адамға 25 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков
Полицейлер көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның басқарғаны үшін, сондай-ақ көліктің тиісті санатын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл және мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарған үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын еске салды.