Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

“Жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін”: алматылықтарды алдап кеткен қыз ұсталды

Жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп алматылықтарды алдап кеткен қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Наурызбай аудандық полициясының мәліметінше, 25 жастағы А. есімді азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Жас қыз шаһардың кемінде екі тұрғынын алдады деген күдікке ілінді.

– Жергілікті тұрғын оның заңсыз әрекеті туралы хабарлады. Оның айтуынша, бойжеткен өзін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін деп таныстырып, жүргізуші куәлігін тез арада алуға көмектесуді ұсынған. Жедел шаралар қолданылып, күдікті ұсталды. Істі қарау барысында оның екі бірдей эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Бойжеткен өз қызметі үшін 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған, – дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Бірақ полиция жәбірленушілердің көп болуы мүмкін екендігіне сенімді. Тәртіп сақшылары осы қыздың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефондар арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02 және 8-778-622-02-19.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру