Павлодар облысында темекі тұқылын қоғамдық орынға лақтырған тұрғын жауапқа тартылды
Павлодар облысында полиция қызметкерлері қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға қатысты "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау – ішкі істер органдары қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстың өзегінде "Заң және Тәртіп" қағидаты тұр.
Мәселен, Екібастұз қаласында ер адам сауда үйлерінің бірінің маңында темекі шегіп болған соң, темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастаған. Ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал рәсімделді.
Жыл басынан бері Павлодар облысында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1 181 адам, ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 170 адам, ал абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 4 813 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарға тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау әрбір адамның міндеті екенін еске салады. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасын қолдап, "Заң және Тәртіп" қағидатын ұстана отырып, тұрғындар қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қоса алады.
Тазалық пен тәртіп – баршаға ортақ жауапкершілік. Қоғамдық мәдениет пен өзара құрмет күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады.
